Ақтөбе қ., Әйтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

Біз туралы

Қазақ-Орыс Халықаралық университеті – Батыс Қазақстан аймағындағы алғашқы мемлекеттік емес халықаралық жоғары оқу орны. 2020 жылдың 23 ақпанында университет 27 жасқа толды. Университет аймақтағы тәжірибелі педагог, білім беру саласындағы танымал жетекші, педагог, ойшылдықтың ерекше талантына ие жаңашыл ғалым, заманауи жаңалықтарды насихаттаушы, ағартушы Темерхан Байбосынұлы Бердімұратовтың басшылығымен құрылған. Университеттің талантты басшысы жеке тұлғаны дамытуға бағытталған заманауи университеттік білім берудің іргетасын қалады. Университет еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық өсу жағдайына сәйкес дамыды. Алғашында халықаралық бизнес және құқық институтының Ақтөбе бөлімі ретінде (1994-1996 жылдары) ретінде ашылды, кейіннен Мәскеудегі Халықаралық университеттің Ақтөбедегі бөлімі (1996-1998 жылдары), содан соң Ақтөбедегі «Нұр» менеджмент, бизнес және құқық институты (1998-2000 жылдары) болып құрылып, Ақтөбе аймағы жастарының бизнес, экономика мен құқық саласында білім алуына үлкен мүмкіндік туғызды.

ҚОХУ тарихында университеттің болашақ бет-бейнесі мен тағдырын айқындайтын ерекше оқиғалар орын алды, табысты халықаралық байланыстар, көрнекті еуропалық және ресейлік ЖОО-мен және ғалымдармен бірлесе жасасқан білім беру жобалары жаңа сүрлеудің бастамасы болып табылады. 1998 жылдың 21 тамызында институт (ол кезде «Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институты) оқу орнының бас ғимаратының ашылу салтанатында айтылғандай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен халықаралық компонентінің енгізілуімен аймақта бірінші рет Қазақ-Орыс Халықаралық университеті деп аталды. Мемлекет басшысының бұл ұсынысы ХХІ ғасырға лайықталған Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгі достық пен байланыс туралы Декларацияға сәйкес қабылданды.Құрметті профессорлар мен ЖОО-ның серіктестері атап кеткендей, Елбасының сенімі университеттің мәртебесі мен оның одан әрі қарай дамуын айқындайды және оқу орнына көрсетілген зор абырой болып саналады.

Ваше сообщение отправлено!