Ақтөбе қ., Әйтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

Миссия, болжам, стратегия

Университеттің миссиясын, мақсаты мен міндетін қалыптастыруда оның кадрлық және ғылыми әлеуеті, сонымен қатар  отандық және халықаралық білім беру саласындағы көп жылдық тәжірибесі ескерілді.

Университет миссиясы Қазақстан Республикасының Батыс өңірінде жаһандық бәсекелестік жағдайында жаңа қызмет түрлерін жобалау, озық инновациялық технологиялар мен коммерцияландырудың негіздерін қолдану арқылы халықаралық білім шекарасын кеңейтуге қабілетті жоғары білімді азаматтарды даярлау.

ҚОХУ болжамы – білім мен ғылым, инновациялар орталығы, лицей-бакалавриат-магистратура-докторантура жүйесіндегі халықаралық мойындалған мамандарды дайындауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік кампус.

Университеттің даму стратегиясы 2019-2021 жылдар аралығындағы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен рухани адамгершілік құндылық негізінде ұлттық білім беру жүйесінің мақсаты мен міндетін жүзеге асыруға бағытталған. Жоғарғы оқу орнының стратегиялық даму бағыттары төмендегідей:   

  1. Бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды дайындау және сапалы білім беру қызметін қамтамасыз ету;
  2. Ғылыми-білім беру кеңістігінде университеттің өрлеуі мен ғылыми-инновациялық қызметінің дамуы;
  3. Еліміздің саяси-экономикалық реформаларына жастардың үн қосуына жағдай жасау;
  4. Университтің инфрақұрылымдық және ақпараттық ресурстарының дамуы мен жаңаруы;
  5. Университетте инновациялық-кәсіпкерлік зерттеу ортасын енгізу және дамыту;
  6. Университеттік сандық білім беру мен қашықтықтан оқыту технологиясын дамыту;
  7. Интернацияландыру, екі дипломдық білім беру мен ұлтаралық академиялық ұтқырлықты дамыту.

ҚОХУ-дың сапа саясаты

Қазақ-Орыс Халықаралық университеті ҚР БҒМ талаптарына сәйкес жоғары кәсіби білім беру бағдарламасын және ұлттық және жалпыға ортақ тұлғалық құндылықтарға негізделген құзыретті, жоғары кәсіби тұлғаны қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны.

Ваше сообщение отправлено!