Ақтөбе қ., Әйтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

Тарихы

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің қалыптасуы 

(тарихи беттері, университет президенті, ректорлары)

Қазақ-Орыс Халықаралық университеті – Батыс Қазақстан аймағындағы алғашқы мемлекеттік емес халықаралық жоғары оқу орны. 2020 жылдың 23 ақпанында университет өзінің 26 жылдығын атап өтті. Университет аймақтағы тәжірибелі педагог, білім беру саласындағы танымал жетекші, педагог, ойшылдықтың ерекше талантына ие жаңашыл ғалым, заманауи жаңалықтарды насихаттаушы, ағартушы Темерхан Байбосынұлы Бердімұратовтың басшылығымен құрылған. Университеттің талантты басшысы жеке тұлғаны дамытуға бағытталған заманауи университеттік білім берудің іргетасын қалады. Университет еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық өсу жағдайына сәйкес дамыды. Алғашында халықаралық бизнес және құқық институтының Ақтөбе бөлімі ретінде  (1994-1996 жылдары) ретінде ашылды, кейіннен Мәскеудегі Халықаралық университеттің Ақтөбедегі бөлімі (1996-1998 жылдары), содан соң Ақтөбедегі «Нұр» менеджмент, бизнес және құқық институты (1998-2000 жылдары) болып құрылып, Ақтөбе аймағы жастарының бизнес, экономика мен құқық саласында білім алуына үлкен мүмкіндік туғызды. Өткен ғасырдың 90 жылдарының басында экономика, бизнес және құқық саласына білікті мамандар дайындау ірі астаналық ЖОО-да ғана болмаса, аталған мамандық бойынша мамандар даярлауды ауызға алуға да болмайтын. Облыс орталығында «Нұр» менеджмент, бизнес және құқық институтының ашылуы өте ірі оқиға болып қана қоймай, Ақтөбе облысының экономикалық даму тарихындағы ерекше құбылыс болып саналды.

ҚОХУ тарихында университеттің болашақ бет-бейнесі мен тағдырын айқындайтын ерекше оқиғалар орын алды, табысты халықаралық байланыстар, көрнекті еуропалық және ресейлік ЖОО-мен және ғалымдармен бірлесе жасасқан білім беру жобалары жаңа сүрлеудің бастамасы болып табылады.  

1998 жылдың 21 тамызында институт (ол кезде «Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институты) оқу орнының бас ғимаратының ашылу салтанатында айтылғандай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен халықаралық компонентінің енгізілуімен аймақта бірінші рет Қазақ-Орыс Халықаралық университеті деп аталды. Мемлекет басшысының бұл ұсынысы ХХІ ғасырға лайықталған Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгі достық пен байланыс туралы Декларацияға сәйкес қабылданды. Құрметті профессорлар мен ЖОО-ның серіктестері атап кеткендей, Елбасының сенімі университеттің мәртебесі мен оның одан әрі қарай дамуын айқындайды және оқу орнына көрсетілген зор абырой болып саналады.

Оқу орнының алғашқы ректоры тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бақтыбай Өтемісұлы Өтемісов болды. Бұл университеттің алғашқы қалыптасу кезеңі болса да ұжым есінде жақсы сақталды, себебі шақырылған дәріс оқушылар ғалымдар аймаққа танымал және шетелдік мамандар болатын. Олардың арасында сол кездегі жалғыз ғана оқу орны Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының дәріскерлері – филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.А. Виноградов, философия ғылымдарының докторы, профессор Н.И. Губанов, ҚОХУ профессоры В.Я. Ямбаев, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Н. Агапов, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.М. Жанпейісова, шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Н.Д. Дерменжи және басқа да оқытушылар есімі түлектер есінде күні бүгінге дейін сақталған.

Университет үшін бұрынғы ҚОХУ-дің қабырғасында белсенді лауазымдық қызметтерін бастаған алғашқы дәріскерлердің құрамы мақтаныш болып саналады. 90 жылдардың ортасында оқу үдерісін ғылыми дәрежелері мен ғылыми атақтары бар оқытушылармен қамтамасыз ету оңай шаруа емес болатын. Бұл мәселені университет басшылығы еуропалық және ресейлік ЖОО-мен арадағы халықаралық байланыстарға сүйене отырып шешті, сөйтіп, профессор-оқытушылардың құзыретті штаты жасақталды. Олардың арасында КСРО-ның білім министрлігінің экс-министрі, кейіннен Мәскеудегі Халықаралық университеттің ректоры алғашқы білім беру үдерісінің қосалқы жетекшісі әрі ЖОО-да дәріс оқыған профессор Г.А. Ягодин де бар болатын. Г.А. Ягодин ҚОХУ-дің алғашқы дәріскерлері П.С. Щетинин, Ұ.Б. Байжомартов, Е.Н. Агаповтарға профессор атағы аттестатын өз қолымен табыстаған болатын.

Университеттің түлектері қазіргі күні өз саласының маманы ретінде 1994-2000 жылдардағы профессураны жоғарғы деңгейдегі дәріскерлер ретінде ерекше мақтанышпен еске алады. Олардың арасында Мәскеудегі халықаралық университеттің қоғаммен байланыс жөніндегі проректоры, профессор В.Д.  Савостин, заң ғылымдарының докторы, профессор В.В. Безбах, экономика ғылымдарының докторы, профессор А.Ю. Манюшис, экономика ғылымдарының докторы, профессор А.А. Овсянников, заң ғылымдарының докторы, профессор РФ еңбек сіңірген заңгер В.П. Серегин, экономика ғылымдарының докторы, профессор Л.Г. Ходов, экономика ғылымдарының докторы Ю.Н. Иванов, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент С.И. Бирюков,  экономика ғылымдарының докторы Д.А. Аширов, экономика ғылымдарының докторы В.А. Александров, экономика ғылымдарының докторы В.М.Серов, экономика ғылымдарының  кандидаты М.Н. Романчук, профессор В.П. Демкин, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент В.М.  Вымятнин, техника ғылымдарының докторы, профессор А.А.Волненко, филология ғылымдарының докторы, профессор Н.В. Дмитрюк сияқты ғалымдар болатын. Олардың барлығы жоғары білікті мамандар мен талантты педагогтар оқу орнының президент-ректоры Т.Б. Бердімұратов Мәскеудің беделді ЖОО-дан құралған профессураның сапасына ерекше мән бере отырып, маман таңдаумен өзі айналысты, соның нәтижесінде олар оқу орнында зиялы-шығармашылық ерекше ортаның қалыптасуына мүмкіндік туғызды, оның әсері әлі күнге дейін сезіледі және оларға әрқашан қолдау көрсетіп отырады. Біршама жыл өтті, университет те білім жүйесіндегі біршама реформаларды басынан өткерді, 20 жыл ішінде жоғары ведомстволық органдардың көптеген басшылары өзгерді, соған сәйкес жаңа көрсеткіштер, бағдарламалар, білім беруді дамыту тұжырымдамаларының өзгеруіне әкеліп отырды. Бірнеше дәстүрлер алмасты, шетелдік профессорлар, өндірістік ұйымдардың жетекші мамандары қызметке тартылды және бұл университеттің ерекшелігі мен жетістігі.

В.Д. Савостин - профессор, Мәскеудегі ХУ-дің қоғаммен байланыс жөніндегі проректоры

В.В. Безбах - профессор, заң ғылымдарының докторы

Оқу орнының басшылығы ҚР ҒА мемлекет және құқық институтының жетекші ғалымдары мен қызметкерлері: заң ғылымдарының кандидаты, профессор Л.Р. Насыроваға, заң ғылымдарының докторы, профессор Н.К. Абузяроваға, заң ғылымдарының докторы, профессор Л.Т. Жанузаковаға, заң ғылымдарының кандидаты С.О. Даулетоваға және т.б. ғалымдарға ерекше алғыстарын білдіреді. Аталған ғалымдардың арқасында оқу ордасының ерекше оқу-әдістемелік ортасы қалыптасты, олар сол кездегі ең қажетті құқықтану, қаржы және несие, бухгалтерлік есеп және аудит сияқты мамандықтарды оқытып үйретудің бастамашылары саналады. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Р. Насырова күні бүгінге дейін университетпен байланыс жасап келеді. Ғалым құқықтану кафедрасының штаттағы құрметті оқытушысы саналады және отбасы, азаматтық-процессуальды құқық пәндерін студенттер мен магистрантарға оқытуда көмектесіп келеді. Алғаш құрылған кезде білім ордасы Қ. Қаратаев көшесі-9 үйде шағын ғана жеке ғимаратта орналасқан болатын. Университет президенті осы ғимарат пен ауланың әр бұрышын ерекше ықыласпен еске алады.

Темерхан Байбосынұлы Бердімұратовтың өзінің жеке мұрағатында сақталған суреттер университеттің сол кездегі белсенді өмірінен сыр шертеді, шетелдік қонақтармен білім, ғылым, өнер, құқық саласының танымал қайраткерлерімен кездесулер, студенттер мен оқытушылардың өздерінің қиялдарынан ойлап құрастырған көңілді кештері, іскерлік және шетелге сапарлар. Таңқаларлық жайт, университет тарихында, оқу ордасы президенті мен ұжым мүшелері жадында көптеген студенттердің аты-жөні, суреттері әлі күнге дейін сақталып қалған, олардың қандай студент болғандығы, қандай жетістіктерге жетті, қазір қайда жұмыс істейтіндігін де ректор жақсы біледі. Студенттерге өз баласындай елжіреп қарауды тек кеңестік дәуірдегі кино-фильмдерден ғана емес, шынайы өмірден де байқауға болатынын бағамдауға болады. 2010 жылы ректор қызметін Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-ден шақырылған химия ғылымдарының докторы, профессор Нысаналы Өжетбайұлы Әлиев басқарды (денсаулық жағдайына байланысты әрі қарай жұмыс істеу мүмкіндігі болмады). Ғалым басшылық жасаған кезеңде университет техникалық мамандықтар бойынша өзінің кадрлық әлеуетін біршама арттырды, аталған мамандық бағыты бойынша алғашқы арнайы магистратура ашу үшін материалдық-техникалық база қалыптастыра бастады.

2010 жылдың соңында оқу орнының президентінің ұсынысымен және Ғылыми Кеңестің шешімімен бірауыздан филология ғылымдарының кандидаты, PhD доктор, профессор Алтын Қуанышбекқызы Мырзашова тағайындалды. А.Қ. Мырзашованың басшылығы ғылыми-әдістемелік жұмыстар, мамандар біліктілігін арттыру, корпоративті дәстүрлерді қалыптастыру, студенттер арасында танымдық іс-шаралар, Халықаралық ғылыми «ҚОХУ хабаршысы» журналы, аймақтың ЖОО және кәсіпорындарымен, ғылыми-әдістемелік орталықтарымен, біліктілікті жетілдіру институттарымен байланыс орнатуды ұйымдастыру сияқты белсенді жұмыстарымен ерекшеленді. Мәскеу қаласындағы Орыс Қорының мақұлдауымен алынған университеттің «Орыс әлемі» орталығында ғалымның жетекшілік етуімен гранттық жоба жұмысы жасалды. Аталған грант университеттің Қазақстанның батыс аймағында 140-тан астам филолог-педагог мамандарға білім жетілдірудің апталық курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Университеттегі алғашқы ашылған мамандықтар – Құқықтану, Қаржы және несие, Бухгалтерлік есеп және аудит, Аударма ісі мамандықтары болатын. Аталған мамандықтар күні бүгінге дейін сақталған, оларды тәмамдаған түлектер саны 700-ге жуықтады. Бүгінгі күні, Қазақ-Орыс Халықаралық унивеырситеті 22 мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын, 6 мамандық бойынша магистратура, 3 мамандық бойынша докторантураны жүзеге  асыруда. Білім беру қызметтерінің сапасын жоғарылату, профессор-оқытушылар құрамын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту, оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету, оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін бақылау, осылардың барлығы да оқу орны жетекшісі Т.Б. Бердімұратовтың бақылауымен шешіліп отырады. Жыл сайын қаржы ресурстары университет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру, ғалымдарды шақыру, оқу үдерісіне кітапханалық және ақпараттық қолдау көрсету үшін бөлінеді.

Әлемдік рейтингте, сондай-ақ ішкі нарықта білім беру қызметтерін ұсынуда  ҚОХУ-дың табысты ұстанымы - мұның барлығы университет ректоры Бердімұратов Т.Б.-ның тиімді стратегиялық саясатының арқасында әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары технологиялар мен басқару дағдыларын білетін жоғары білікті мамандар шығаратын оқу орнының құрылуына байланысты университеттің ұжымдық жұмысының нәтижесі болып табылады.

Ваше сообщение отправлено!