Ақтөбе қ., Әйтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

Оқыту форматы

Жаңа оқу жылында оқыту форматы бойынша Call-орталығы:

+7 707 280 3852       +7 707 280 3962

Виртуалды қабылдау бөлмесі    →   https://t.me/krmu_box

 

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінде 2021-2022 оқу жылы жалпы білім беру циклінің пәндері бойынша дәріс сабақтарын қоспағанда, дәстүрлі форматта өтеді.

Қолданбалы сипаттағы семинар, зертханалық және практикалық сабақтар санитариялық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, күндізгі форматта өткізілетін болады.

Дене шынықтыру сабақтарын қоспағанда, сабақ уақытында аудиторияларда болған кезеңде бетперде режимін сақтау қажет.

Университет аумағына кіру кезінде Ashyq қосымшасын міндетті түрде пайдалану талап етіледі. Білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында айқындалған тәртіпке сәйкес білім алушылар, педагогтар, қызметкерлер, ата-аналар (заңды қамқоршылар), сканерлеу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қолдануға арналған бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық платформаларда "жасыл" немесе "көк" арнайы QR-коды бар басқа да келушілер (қажет болған жағдайда) жіберіледі.

Білім алушылардан, педагогтардан, қызметкерлерден, ата-аналардан (заңды қамқоршылардан) және басқа да келушілерден covid-19-ға теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеудің болуы талап етілмейді.

ЭТҚ қамтамасыз ету мақсатында оқу корпустарында, жатақханаларда және ЖОО аумағында қызметкерлер мен білім алушыларды күнделікті термометриялау, кварцтау, дезинфекциялау және т.б. жүргізілетін болады.

Университет жатақханаларға орналасуды ЭТҚ (маскалық режим, байланыссыз термометрмен термометрия, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеу) есепке ала отырып жүзеге асырады.

Студенттерді қашықтықтан оқыту covid-19, өкпе пневмониясының немесе басқа вирустық аурулардың белгілері болған жағдайда олардың өтініші негізінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін ұйымдастырылады.

Оқыту форматына қарамастан оқу процесі бекітілген Білім беру бағдарламасы, пәннің жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) шеңберінде жүзеге асырылады.

Ваше сообщение отправлено!