Ақтөбе қ., Әйтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

Іскерлік байланыс

ҚОХУ-дың іскерлік қатынастары ірі шетелдік университеттермен, жекелеген ғалымдар мен қайраткерлермен, шет елдердің және Қазақстан Республикасының елшілік ұйымдарымен, сондай-ақ Қазақстанның көрнекті білім, өнер және саяси тұлғалармен, ғалымдармен, халықаралық ынтымақтастыққа негізделген;

Әрбір іскери серіктестікті университет кешенді көзқарас тұрғысынан қарастырады: қызметтің барлық салаларында халықаралық қатынастар орнату; жеке тұлғаны және үздік кадрларды іздеу; тәжірибе алмасу; кадрларды тәрбиелеудегі толеранттылық принципін насихаттау; «Ғылым мен білім шекарасыз; Ғылыми қоғамдастық бірлікте; Біз бәріне ашықпыз!» атты идеяларды дамыту.

ҚОХУ қызметінде іскерлік ынтымақтастық әрдайым басымдыққа ие және университет басшылығының бастамасымен құрылды. Университеттің қаржы инвестициялық үлесі іскерлік ынтымақтастық жобаларын іске асыруға жұмсалады, оның ішінде:

  • студенттер мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы;
  • елдің және шетелдің ауқымды іс-шараларына қатысу (ірі форумдар, симпозиумдар, көрмелер, байқаулар, республикалық маңызы бар іс-шаралар);
  • отандық және шетелдік ғалымдарды университет және аймақтық кадрлардың біліктілігін арттыруға шақыру, дәріс оқу, ғылыми ынтымақтастық;
  • тәжірибе алмасу, тағылымдамадан өту, келісімшарттар жасасу, ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін іссапарлар.
Ваше сообщение отправлено!