г.Актобе, ул.Айтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

«Жүрегі ғылым деп соққан Бердімұратов Темірхан Байбосынұлы»

14-18 қараша аралығында «Гуманитарлық пәндер» кафедрасында «Жүрегі ғылым деп соққан Бердімұратов Темірхан Байбосынұлына» арналған психология ғылымының апталығы бастау алды.

Апталықтың негізгі мақсаты Темірхан Байбосынұлының психологиялық-педагогикалық іскерлік шеберлігіне шолу жасау, болашақ жас психологтарға үлгі- өнеге көрсету, студенттердің білімдерін арттыру, кәсіби құзыреттіліктерін шыңдау, дүниетанымын ояту.

14 қараша күні «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жүрегі ғылым деп соққан Бердімұратов Темірхан Байбосынұлына» арналған психология ғылымы апталығының ашылу салтанаты өтті. Кеш барысында Қазақ- Орыс Халықаралық университетінің іргетасын қалаушы Темірхан Байбосынұлын еске алды. Шараға С. Бәйішев университетінің, Қ. Жұбанов атындағы АӨУ, ҚОХУ универсиететтерінің «психология» білім бағдарламасының студенттері қатысты.

Білім алушылар TEDX форматындағы «Эрудит» жас психологтар форумына белсене атсалысып, психологиядан өзекті мәселелерді ортаға салды. Шара соңында барлық қатысушы студенттер мен оқытушылар құрамы «Ақтөбе кіндігі» мұражайына экскурсия жасады.

Ваше сообщение отправлено!