Ақтөбе қ., Әйтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

Академиялық ұтқырлық

ҚОХУ-дағы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру

ҚОХУ-ды әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіру, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету, білім берудегі халықаралық сапа стандарттарын енгізу үшін халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән беріледі.

Қазақ-Орыс Халықаралық университеті білім беру қызметінің ауқымын кеңейтеді және халықаралық ынтымақтастық аясында мамандарды даярлаудың тиімді мүмкіндігін арттырады.

Техникалық, экономикалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша дәріс оқу үшін шетелдік оқытушыларды шақыртып, оқытушылар мен студенттерге (халықаралық алмасулар, іскерлік сапарлар) академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырды, олар төмендегідей; Еуропа университеті (Швейцария) және «Синергия» Мәскеу Саяси және құқық институтымен бірге (Ресей) кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру туралы; Миннесота Университетімен (Дулут, АҚШ) ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп әзірлеуге және қатысу; Грант Мак Эван университеті (Бизнес мектебі, Канада); Нью-Мексико университеті (Саяси мәселелер жөніндегі департамент, АҚШ); Оңтүстік Коннектикут мемлекеттік университеті (АҚШ); Еуропа университеті (Барселона, Испания); Альфа университеті (Менеджмент факультеті, Нови-Сад, Сербия); Коломбо университеті (Биохимия, Молекулалық биология және биотехнология институты, Шри-Ланка); Құқықтану мектебі (Мурдок университеті, Австралия); Орыс-Армян (Славян) Мемлекеттік Университеті (Армения); Гуру Накак Дев университеті (Үндістан); НЕ Consult (Германия); Колумбия университеті (АҚШ); Панкасиль университеті (Индонезия) т.б. сонымен қатар шетелдік ғалымдармен келісімшарт жасалды. 2009 жылдан бастап Қазақ-Орыс Халықаралық университеті Орыс Дүниежүзілік Қорымен ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Ынтымақтастық аясында жыл сайын филологиялық бағыт бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.

2013-2014 оқу жылынан бастап Оңтүстік Корея студенттері академиялық ұтқырлық бойынша Қазақ-Орыс Халықаралық университетінде білім алып жатыр.

Академиялық ұтқырлықты дамыту университет үшін қамтамасыз етеді:

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау сапасын арттыруға
  • педагогикалық және ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыруға
  • ЖОО-ны жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігіне біріктіруге
  • университетті білім беру қызметтерінің әлемдік нарығына білім және ғылым саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін серіктес ретінде орналастыруға

Университетте академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құжаттар

  • Болон Декларациясы, 2010 ж.
  • «2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы».
  • 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысындағы «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттерінің академиялық ұтқырлығы туралы тұжырымдамасы».
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығы
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 «Шетелде білім алуды бағыттау ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
  • «Білім берудің кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 Бұйрығы.
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасында академиялық ұтқырлықтың 2012-2020 жылдарға арналған стратегиясы»
  • «2020 EПВО жылжымалы даму стратегиясы» университет ішілік «ҚОХУ-да ECTS түріне кредит беру жүйесіндегі ереже» тренингін жетілдіруге арналған ұтқырлық.
  • «Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру туралы ереже»
  • ҚОХУ-да академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру жоспары

Академическая мобильность 

  • Сыртқы (халықаралық) АҰ – Шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелердің қызметкерлерінің және оқытушылардың жұмысы немесе студенттерді оқыту.
  • Оқытушылар мен қызметкерлерге арналған: Университеттің ресми тапсырмасын орындау үшін белгілі бір уақыт аралығында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарлар
  • Студенттерге арналған: университеттің академиялық тапсырмасын аяқтау үшін белгілі бір мерзімге сапарлар.
  • Ішкі (ұлттық) AҰ - жетекші қазақстандық ЖОО-ларда және ғылыми орталықтарда оқыту немесе жұмыс істеу.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру кезеңдері

  1. Алдын ала кезең - серіктес университеттерді іздеу (серіктестік орнату)
  2. Дайындық сатысы - ұйымдастыру жұмысы - ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалады.
  3. Негізгі кезең - келісімшартты іске асырудың негізгі процесі.

1) ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт жасау және оған қол қою;

2) Оқу жоспарларын, пәндерді үйлестіру және студенттерді оқыту мерзімдерін бекіту және ПОҚ тәжірибелерін өткізу.

3) тағылымдамадан өту үшін құжаттарды ресімдеу процесі, серіктес- ЖОО-да оқу;

4) Оқу үдерісі, студенттер мен оқытушыларды тағылымдамадан өткізу

Қорытынды кезең. Университетке оралғаннан кейін шетелдік оқу орнынан алынған пәндерді, оқу кезеңдерін және тәжірибе есебінің үдерісі бойынша (оқытушылар үшін) кредиттерді тапсыру процесі басталады

АҰ жүзеге асыру негіздері:

  • ЖОО-мен ынтымақтастық туралы келісім;
  • Үшжақты келісім;
  • Білім алушының өтініші;
  • Транскрипт;
  • Шетелдік университеттің немесе ғылыми орталықтың ресми шақыруы.
  • Жеке оқу жоспары;
  • Қаржыландыру көзі;
  • Ілеспе хат;
  • шешім туралы бұйрық/оқытуға жолдама

Профессор-оқытушылар құрамының сапары

  •  Шетелдік серіктес-ЖОО-ына іс-сапар үшін:
  • дәріс, лаб./прак.сабақ жүргізу, мастер-кластар, консультация;
  •  ҒЗЖ бірге;
  • Тағылымдамадан өту;
  • Семинар мен конференцияларға қатысу;
  • Негіздеме:ҚОХУ президентінің бұйрығы.

Сыртқы академиялық ұтқырлықтың бағыттары

Университетте академиялық ұтқырлық қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісім негізінде жүзеге асырылады және келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • «Шетелдік ғалымдарды тарту» ҚР ҒжБМ бағдарламасы.
  • академиялық ұтқырлықты студенттер мен университеттің есебінен жүзеге асыру

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ СКАЧАТЬ

Бердімұратов Темерхан Байбосынұлы

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің негізін салушы, профессор, психология докторы

Параққа өту
Ваше сообщение отправлено!