Талапкерлерге
Құрметті достар!
Біздің университетте сіз магистратура деңгейінде білім ала аласыз. Магистратура – кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы үш сатылы жүйесінің екінші кезеңі: «бакалавриат» – «магистратура» - «PhD докторантура». Магистратурада кадрлар даярлау екі бағыт бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында жүзеге асырылады:
-
Ғылыми-педагогикалық бағыт оқу мерзімі кемінде екі жыл;
-
Бейіндік бағыт кемінде бір жыл оқу мерзімі бар.
Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы магистратураға түсушілердің өтініштерін қабылдау () келесі мерзімдерде жүргізіледі:
1 кезең - күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 15 шілдесіне дейін; 2 кезең - күнтізбелік жылдың 25 қазанынан 10 қарашасына дейін.
Кешенді тестілеуді тапсыру келесі мерзімдерде жүргізіледі:
1 кезең - күнтізбелік жылдың 20 шілдесінен 10 тамызына дейін; 2 кезең - күнтізбелік жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін.
Араб тілінен түсу емтиханы және магистратураға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар келесі мерзімдерде өткізіледі:
1 кезең - күнтізбелік жылдың 16-25 шілдесі аралығында; 2 кезең - күнтізбелік жылдың 21-28 қарашасы аралығында.
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТӘРТІБІ
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өту қажет. Кешенді тестілеу мыналардан тұрады:
-
Шет тілі бойынша тест (халықаралық сертификат болған жағдайда тапсырылмайды);
-
Оқуға дайындықты анықтауға арналған тест;
-
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест (екі пән).
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде өту балы ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін - 75 балл, бейіндік магистратураға түсу үшін - 30 балл құрайды. Оның ішінде: шет тілі – 25 балдан кем емес (ғылыми-педагогикалық), ТТО - 7 балдан кем емес, ГОП бейіні бойынша – 7 балдан кем емес (әр пән бойынша).
КТ-ға қатысу үшін өтінішті оқуға түсушілер Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн тапсырады:
-
білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа өтініш бергенге дейін оқуға түсушінің Ұлттық білім беру деректер базасында "білім алушы" мәртебесі болмауы тиіс;
-
сайтқа кіріңіз және интерфейс тілін таңдаңыз;
-
электрондық пошта арқылы өтініш беру жүйесінде тіркелу (Ұлттық тестілеу орталығынан алынған хатта электрондық поштаны растау міндетті);
-
өтініш беру жүйесінде алынған логин мен пароль арқылы кіру (логин мен пароль көрсетілген хатты жою мүмкін емес);
-
ЖСН көрсетіңіз және іздеу батырмасын басыңыз (А.Ж.Т. автоматты түрде көрсетіледі), байланыс телефон нөмірін көрсетіңіз;
-
"өтініш беру" қойындысына өтіп, "жоғары оқу орнынан кейінгі білім" таңдаңыз;
-
тестілеудің қажетті түрін таңдау;
-
тіркеу үшін деректерді толтыру;
-
КТ

Бердімұратов Темерхан Байбосынұлы
Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің негізін салушы, профессор, психология докторы
Параққа өту