СМЖ
ҚОХУ (СМЖ) сертификатталған менеджмент жүйесі
2024 жылдың мамыр айында Қазақ-Орыс Халықаралық университеті ҚР СТ ISO 9001-2016 стандартының талаптарына сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесінің қайта сертификаттау аудитінен сәтті өтті.
Сертификатталған сапа менеджменті жүйесі университетте 2018 жылдан бастап енгізіліп келеді.
ҚОХУ сапа менеджменті жүйесі-сапаны жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және жақсарту арқылы сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдық құрылымның, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.
Университеттің сапа менеджменті жүйесі жұмыс күйінде сақталады және дамиды. СМЖ процестеріне бақылау, мониторинг және талдау жүргізіледі. СМЖ құжаттамасы жетілдіріліп, уақтылы жаңартылып, қажет болған жағдайда жаңасы құрылуда. Қазіргі уақытта университетте университет қызметінің негізгі және қамтамасыз ететін процестерін реттейтін 160-тан астам СМЖ құжаттары әзірленіп, бекітілді.
Менеджмент жүйесі университеттің білім беру процесіне қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етудің және оқытудың тиісті сапасын қамтамасыз етудің кепілі ретінде, сондай-ақ менеджментті ұйымдастыру мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетеді. Сондай-ақ, қолданыстағы сапа менеджменті жүйесі барлық бизнес-процестерді оңтайландырады және бөлімшелер арасындағы ынтымақтастықты жақсартады.
СМЖ 2021 | СМЖ 2024 (орыс.) | СМЖ 2024 (қаз.) |

Бердімұратов Темерхан Байбосынұлы
Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің негізін салушы, профессор, психология докторы
Параққа өту