Ақтөбе қ., Әйтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

Форум

2017 жылдың 23-27 қазаны аралығында Қазақ-Орыс Халықаралық университеті «Оқуды үйрен» курсының  қорытындысы бойынша бірінші курс студенттеріне арналған студенттік ғылыми форум өткізді.

 2016-2017 оқу жылынан бастап Қазақ-Орыс Халықаралық университеті білім берудің жобалау технологиясына ауысты. Бұл оқыту әдісінің негізі - студенттердің танымдық қабілеттерін дамыту, өз білімін дербес түрде қалыптастыру және ақпараттық кеңістікті жылжытуға бағытталған.

ЖОО-да оқыған алғашқы екі айында бірінші курс студенттері «Оқуды үйрен» курсын (2017 жылдың 4 қыркүйегі мен 20 қазан аралығында) өткізді, мұнда үздік оқытушылар  өздігінен білім беру негіздерімен таныстырды, ақпаратпен жұмыс істеу қағидаларын, жылдам оқу, есте сақтау және жазу әдістерін, мәтіндік қысқартулар, шығармашылық, логикалық және критикалық ойлауды үйретті. Барлық осы білімдер кез-келген мамандықтың студенттеріне қажет және олардың болашақ мамандықтарына пайдалы болады.

Курс қорытындысы негізінде университет басшылығы 2017 жылдың 23 қазаны мен 27 қазаны аралығында (әр күн сайын 10.00-ден 13.00-ге дейін тыңдаулар өткізілді) әрбір студент сөйлеу дағдыларын жетілдіріп және ел алдында сөйлеуден қорықпай, өз жетістіктерін, алған білімдері мен ғылыми идеяларымен бөлісу үшін Студенттік ғылыми Форум өткізді. Форумның соңғы күні, 27 қазанда, сертификаттарды табыс ету рәсімі салтанатты түрде өтті, барлық бірінші курс студенттеріне сертификат табыс етілді. Сондай-ақ, 50-ге жуық студентті университет ректор құрмет дипломдарымен бағалы сыйлықтармен марапаттады !

Дәстүрлі өткізілген форумдар студенттерге  ғылыми  рух береді деген үміттеміз!

2017 жылдың 22 желтоқсанында ҚОХУ-да «International forum. Session 1. Case study of projects» атты  Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференция бағдарламасына студент-жаболаушылардың ғылыми-зерттеу бағытына сәйкес 34 мақаласы енді, оның ішінде 29 жұмысы жүріп жатқан жобалар, сондай-ақ 15  шығармашылық нөмерлер (өлең оқу, музыкалық нөмірлер, спектакльдер және бейнероликтер).

Конференцияға халықаралық деңгейдегі 5 профессор шақырылды:

  • Мохамед Омар Вард (Дамаск Университеті, Сирия) – техника ғылымдарының доценті
  • Чибисова Марина Юрьевна (Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, Мәскеу)- психология ғылымдарының кандидаты.
  • Мырзахмет Марат Кумисбекович (Л.Н.Гумилев  атындағы Евразия ұлттық университеті, Астана)-физика-математика ғылымдарының кандидаты
  • Сафрончук Марина Валентиновна (Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Мәскеу) – экономика ғылымдарының кандидаты.
  • Садыков Туртубек Умутканович Л.Н.Гумилев  атындағы Евразия ұлттық университеті, Астана), экономика ғылымдарының доценты - ҚОХУ студенттеріне өз тәжірибесімен бөлісті, жүргізілген зерттеу жұмысы, университеттегі оқытудың жобалау технологиясы аясы және одан әрі ынтымақтастық  туралы әңгімеледі. 

Бердімұратов Темерхан Байбосынұлы

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің негізін салушы, профессор, психология докторы

Параққа өту
Ваше сообщение отправлено!