ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ .
2024 жылдың 19 қарашасында Әлеуметтік-мәдени даму Департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, Ринат Балғабаевтың «Закладка» атты бейнеролигі көрсетілді. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және есірткіге қарсы күреске назар аудару.
Бұл шараға Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің білім алушылары да белсенді қатысты. Олар есірткіге қатысты мәселелердің құқықтық және әлеуметтік салдары туралы тереңірек түсінік алды. Бейнероликтен кейін білім алушылар құқық қорғау органдарының өкілдерімен және білім беру мекемелерінің жетекшілерімен пікір алмасты.
Құқық бұзушылыққа бейім және белсенді жастардың қатысуымен өткен бұл шара құқықтық мәдениетті арттыруға және жастар арасында заңға бағыну құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Ақтөбе облысының жастар ресурстық орталығы мен білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шара жастардың құқықтық сауатын арттырудағы маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.